Динара Сәтжан біреудің отбасын бұзып, балаларын жылатқаны рас па?

0
1601

Инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланған бір ғана фото жүз мыңдаған кісінің ашуын оятып, халықты дүр сілкінтті деп жазады Democrat.kz.

Кәсіпкер Жұмабек пен журналист Динара Сәтжанға байланысты түрлі суреттер мен олардың неке қиюы сәтіндегі видеолардан топтастырылған бұл деректе кәсіпкердің кіші ұлының жылап тұрған видеосы да бар.

Бұл фото-видеоны таратып отырған парақша иесі нақты не айтқысы келгені беймәлім, алайда оқырман Динара мен Жұмабектің некесіне қатысты, жылаған видеоға қатысты “балаларға обал болды”, “Динара Сәтжан өзгенің отбасын бұзып, өз отбасыңды құра алмайсың”, “Динара ұятсыз, арсыз қалай ел алдына шығып жүрсің. балалардың жүрегі ауырды ғой көз жасы ұрсын оңбаған” деген сыңайда пікір жазуда.