Динара Сәтжанның бір күндік киімі – 100 адамның үйінің құнына тең

Жансая Әміршәріпқызы журналист Динара Сәтжанның неке қию рәсімінде киген бір күндік образының құнын санап шықты деп жазады Democrat.kz.
“Динара Сәтжан неке қию рәсіміне өзінің брендінен шапан киген. Шапанның бағасы – 450 мың теңге. Ал үстіндегі ақ көйлегі шамамен 200 мың теңге.
Bvlgari брендінен сырғасы 7 430 000 теңге тұрады.
– Ал алқасы 15 921 000 теңге. Білезігі толық гауһар тастармен апталған. Бағасы 26 930 000 теңге. Сақинасы да Bvlgari брендінен, 17 100 000 теңге. Ал Cartier брендінен сақинасы 2 211 000 теңге. Білезігі де Cartier брендінен, бағасы 6 486 000 теңге. Тағы бір білезігі 2 300 000 теңге. Қолында yana брендінің білезігі, 6 908 000 теңге.
Ал неке жүзігі өте үлкен гауһар тастан жасалған. Құны 150 миллион теңге. Динара Сәтжанның неке қию рәсіміне киген бүкіл образы 235 836 000 теңге болған” дейді байер Жансая.
Фото видеодан скринделді.
@zhansaya_amirsharipkyzy