Діндар әке өз қызын бауыздамақ болды

Иранда бір кісі сұлулық салонында жұмыс істегені үшін қызын көпшілік алдында бауыздады
Иранның Исламшехр қаласында ер адам 18 жастағы қызын көпшілік алдында пышақтап өлтірді. Себебі ол қызының сұлулық салонына жұмысқа тұрғанын білген. Бұл туралы IranWire хабарлайды.
Бар мәліметтерге қарағанда, Фатеме Солтани сұлулық салонында әкесінен жасырын түрде жұмыс істей бастаған. Себебі ол әкесінің реакциясынан қорыққан. Бұған дейін ер адам әйелі мен қызына бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсеткен.
Әкесі қызының Instagram парақшасындағы бронь жасауға арналған телефон нөмірін көріп, сол арқылы сұлулық салонының мекенжайын анықтаған. Ол 18 сәуір күні таңертең сұлулық салонына келген. Солтани әкесін көріп, дереу анасын хабардар етіп үлгерген.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам сұлулық салонына кіріп, қызметкерлер мен келушілердің көзінше қызына бірнеше рет пышақ салған. Кейін ол оның басын кесуге тырысқан, бірақ айналасындағылар айқайлаған кезде қашып кеткен. Содан соң әйеліне қоңырау шалып: «Мен сені осы қайғымен қалдырамын», — деген.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдары ер адамды тұтқындаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ақпарат Өмір Шыныбекұлының парақшасынан.