«Діндарлар елдің басын қатырмасын!» деді журналист

0
1202

Желіде журналист Ғапбас Жанкелдінің су тасқыны кезіндегі видеосы тарады. Бейнежазбада ол сауатсыз діндарлардың халыққа дінді дұрыс жеткізбей, елді адастырып жүргенін айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Қазір дін өкілдеріне жақсы болды, шыбын өлсе де дінге тірейді. Құс ұшпай қалса да дінге тірейді. Қарғаның тамағы қарылып дауысы басқаша шықса «Алла» деп айқайлап жатыр дейді. Сәйкестік көп, аспандағы бұлтқа қарасаң кез-келген форма тауып алуға болады. Кез-келген нәрсені дінге тірей береді. Осыларға шектеу жоқ па?

Ұлттық идеология жоқ жерде міне осындай нәрсе болады. Құдаймен, өліммен қорқытып, «ана дүниеге барғанда шалқисың, мына дүниеде үндемей жүре тұр» деп.

Өмірді қазір сүр. Ана өмірде де, осы өмірде де рахат өмір сүр. Екі дүниеде де жақсы өмір сүруге болады. Ана жақта жұмаққа бару үшін, мына жақта қиналудың қажеті жоқ.

Дін өкілдеріне неге шектеу қоймайды?! Не тыйым салынбайды соларға?! Халықты қараңғылыққа бастап, Құдаймен қорқытытып, өлесің, қырыласың, зекет бермесең анау болады деп… Өздерінің астарында небір қымбат көлік, бірақ елге ақыл айтады. Елдің миын ашытып, басын қатырмасын!», — деді ол.