Діни киімге, діни кітаптар таратуға тыйым салмақ

0
310

Қырғызстанда діни әдебиеттерді таратуға және бетін жасыратын киім киюге тыйым салу ұсынылады. 

Қаулының тиісті жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Діни әдебиеттерді, өзге де діни баспа, аудио-, бейнематериалдарды қоғамдық орындарда және тұрғын үй-жайларды аралау жолымен, мемлекеттік және муниципалдық ұйымдарда, мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру ұйымдарында таратуға тыйым салу ұсынылады», — делінген құжатта.

Бұдан басқа, мемлекеттік дін комитеті қарттар мен мүгедектер үйлерінде, жазасын өтеу түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында, сондай-ақ Қарулы Күштердің құрамаларында, бөлімдері мен бөлімшелерінде дін істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз діни рәсімдерді, жиналыстарды және өзге де діни іс-шараларды өткізу үшін шетелдік діни ұйымдардың дін қайраткерлері мен уағызшыларын шақыруға тыйым салуды жақтады.

Діни ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару орындары мен олардың шенеуніктерінің қызметіне араласуына тыйым салу және айыппұл салу ұсынылады.

Бұдан басқа, діни қызмет субъектілерінің саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізілді.

Сондай-ақ, Қырғызстанның дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы елде азаматтың жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін, мемлекеттік органдар мекемелерінде және қоғамдық орындарда адамның беті көрінбейтін киім киюге тыйым салуды ұсынады.

Фото интернеттен алынды.