Діни сабақты бюджет ақшасына оқытуды қай депутат қолдаған?

Мәжіліс депутаттары елімізде исламтану, хадистану, теология пәндерін бюджет қаржысына оқытуға байланысты мәселеге пікір білдіріпті деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы қоғам белсендісі Әсел Таухан өзінің әлеуметтік желі парақшасында хабарлады. Әселдің айтуынша, елімізде діни мамандықтарды бюджет қаржысына оқытуға қатысты депутат Мұрат Әбенов “елімізге қажетті экономист, заңгер сынды мамандықтар бюджет қаржысына оқытылуы керек.
Ал егер діндарлар өз мамандарын дайындағысы келсе, онда өз қалталарынан ақша шығарып оқытуға міндетті. Зайырлы мемлекетте әлдебір діннің сойылын соғуға жол берілмейді. Бюджет қаржысына діни мамандар оқытуға қарсымын!” деген.
Сонымен қатар депутат Ермұрат Бапи да: “Неге діни мамандықтарды оқытуға ел қазынасынан қаржы жұмсалуы керек? Бұл мәселені қарастырып, шешу керек. Діни пәндерді бюджет ақшасына оқыту бастамасының артында тұрғандар кім? Мемлекет қаржысын жұмсап, діни дәріс оқытудың түкке керегі жоқ. Бізде дін мемлекеттен бөлек” екенін айтқан.
“Дәл осындай пікірді депутат Ирина Смирнова да айтыпты. Алайда депутаттар Айдос Сарым мен Асхат Аймағамбетов діни мамандық оқытуға бюджет қаржысын жұмсауда тұрған ештеңе жоғын айтыпты” дейді Әсел Таухан.
Фото интернеттен.
@_tanat_77