Діни уағыз айтқаны үшін 50 АЕК айыппұл арқалады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде оңды-солды діни уағыз айтып отыратын жігіт уағыз айтқаны үшін айыппұл арқалады деп жазады Democrat.kz.
“Әлеуметтік желіде Құран аятын мысалға келтіріп жазғаным үшін 50 АЕК айыппұл салды. Біз мұсылман елі емес екенбіз, біз светский ел екенбіз. Сонда сөз бостандығы, демократия қайда? Қарапайым халыққа Құранды айтуға, таратуға болмайды дейді. Былай қарап тұрсаң, мұсылманның құқығын таптау сияқты”, – деген “уағызшы” басқаларға “Құран аятын салуға болмайды” деп ескертуін де жасады.
Фото видеодан скринделді.
@user85333333333332