“Дінімізге тіл тигізгенді соттау керек” дейді имам

Әлеуметтік желілерде тараған видеода имам Ерсін Әміре қазіргі қоғамда дінге тиісушілерге қатысты пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Ерсін Әміре өз сөзінде “қазіргі кезде дінге тиісушілердің, дінді қаралап, дінді келемеждеп, діннен бір айып тауып, мұсылмандарды құбыжық етіп көрсету, қоғамның дамымай қалуына мұсылмандардың кесірі деп көрсетуге тырысып жатқандардың белгілі бір тапсырысты орындап жатқаны анық” дей келе мұндай әрекеттер заңға қайшы екенін айтып:
“Дінімізге, Аллаға, пайғамбарымызға қатысты ешбір ғылымға сүйенбей ауыр сөздер жазған адамды әлеуметтік желіде көрсеңіз “мынау менің ұстанып жүрген дініме тіл тигізіп, ар-намысыма қол сұғып жатыр” деп шағым жазуы керек. Мұсылмандардың да үндемей қалмайтынын көрсету керек. Сол кезде ондайлар тыйылады” дейді имам.
Ерсін Әміренің бұл видеосына қатысты “ұлтқа тіл тигізген уағызшыларға сот жоқ па?”, “Дінді қаралау, сенімге тіл тигізу дегеннің өзі екіұшты нәрсе. Мысалы мен Мұхаммедті педофиль, альфонс болған деп жазсам біреулер дінге тіл тигіздің деп жандары шығады.
Ол бірақ тарихи шындық, қанша жерден сотқа берсе де мен жеңіп шығамын.
Тағы бір мысал, мұсылман діні соғысқа, жауыздыққа шақырады десем де солай, себебі кісі өлтіруге бұйыратын аяттар құранда бар.
Әрине сол аяттарға сүйеніп, жауыз дін, дүние жүзіне тек соғыс арқылы таралды деп толық сеніммен жаза аламын, және кез-келген сотта жеңіп шығамын.
Себебі менікі бос қаралау емес нақты дәлелдері бар…
Құранның бір-біріне қайшы келетін аяттарын айтпағанның өзінде” деген пікірлер жазылуда.
Осы пікірлердің ішінде “дінін қорғаған” кейбір пенделер фейк аккаунтпен аузына келгенін жазып, экстремистік сипатта пікір жазуда.
Мысалы бүкіл Facebook танитын Берік Ислам деген фейк аккаунттың иесі ашықтан-ашық экстремистік сипатта жазба жазып, “дінді қорғап” отыр.
Сонда мынадай мұсылмандарға Қазақстан Республикасының ешқандай заңы жүрмей ме? Қалай ойлайсыз?
Фото интернеттен.