"Бұл кездегі діндердің бәрі нашар, Ешбірі түзу емес көңіл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді, Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. Әлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай - бір, ұждан - дұрыс, қиямет - шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар. Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп, дұспандық қару жасар. Інжіл, Құран - бәрі айтып тұрса-дағы, Мағынасынан адасып қара басар. Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар. Ешбір дін өйтіп дұшпан бол демейді, Қанеки, бұл сөзіме кім таласар? /Шәкәрім/Мәселе қайда? Мәселе діннің өңкей алдау, жалған болуында дейді ойшыл Шәкәрім. Дінге көңіл толмаушылық бұрыннан бар екен ғой; сол кезде, он тоғызыншы ғасырдың аяғы, жиырмасыншы ғасыр басында бұл проблема бар. Ендеше неге біз кінәні өзімізден іздемейміз, неге біз діннен тұра қашып жатқандарды біржақты кінәлаймыз. Сол діннен тұра қашып жатқандар сауатсыз, қар жаяу, надан адамдар емес, керісінше, өте білімді адамдар. Олар неге діннен тұра қашып жатыр, өйткені дін олардың терең, фундаментальды, экзистенциалық, онтологиялық сұрақтарына жауап бере алмай отыр. Ақылы сау адамды енді "өңкей алдаумен, жалғанмен" /Шәкәрім/иландыра алмайсың. Сондықтан діннің тұтқасын ұстағандар бір мезет: неге осы тәп- тәуір, білімді азаматтар діннен безіп жатыр? деп ойлануы керек сияқты. "Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны /қазақты деп ұқсаңыз да болады/ бөліп, дұспандық қару жасар". Мойындау керек. Ащы болса да. Дін қазақты /адамзатты айтпағанда/ бір бауыр қыла алмай отыр. Керісінше, дін қазақты бөлетін дұспандық қаруға айналып отыр. Қазаққа тіпті енді сырттан жау іздеп те қажеті жоқ: қазір-ақ бір-бірін көздері қанталап қырып тастауға даяр отыр. Сонда Шәкәрім көтеріп отырған проблема ешқашан шешілмей ме? Осылай қала бере ме? Мұндай "өңкей алдау мен жалғандыққа" негізделеген дінге алтернатива жоқ па?Мұның ақыры қайда апарып соғады, Сіз қалай ойлайсыз, көзі қарақты, ойлы оқырман? Жазба авторы- Омар ЖӘЛЕЛ. Әлеуметтік желіден. Фото интернеттен алынды.
Діннің қадір-қасиеті қалай жоғалды?
-
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны жөніндегі жол картасын әзірлемек13:30, 19 желтоқсан 2025
4
-
Журналист елбасының тоқалына қатысты құпияны жариялады13:00, 19 желтоқсан 2025
93
-
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады12:30, 19 желтоқсан 2025
30
-
Астанада суррогатты алкогольдің көтерме саудасы анықталды12:15, 19 желтоқсан 2025
18
-
"Баламды қазақ мектебінде оқытпағаныма өкінемін" деген әйелдің сөздері жұртқа үлкен ой салды12:00, 19 желтоқсан 2025
141
-
Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысын қабылдады11:30, 19 желтоқсан 2025
29
-
Зейнеткер сотта әділдікті талап етіп, жеңіске жетті11:23, 19 желтоқсан 2025
25
-
"Жас қызға құмарта қараған" Тұрсын Алагөзов сынға қалды11:00, 19 желтоқсан 2025
130
-
Айдана Меденова: "Қоштасуға себеп бар"10:24, 19 желтоқсан 2025
147
-
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді10:04, 19 желтоқсан 2025
33
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31740
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17425
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17314
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
17052
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12186
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11238
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11141
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10212
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9985
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9296