Дінсіз ел мен діншіл елдің айырмашылығы неде?

Жапония – әлемдегі ең дамыған елдердің бірі. Олар дінге емес, білімге, тәртіпке, еңбекке, ғылым мен технологияға сенеді.
Жапониядардың Шинтоизм мен Буддизм — басты діндері.Көптеген жапондар туған кезде Шинто дәстүрлерімен, ал қайтыс болғанда Будда рәсімдерімен жерленеді.
Бұл екі дін бір-біріне қайшы келмей, қатар өмір сүреді. Олар құдайға емес, өздерінің салтына сенеді. Жапондар храмға барып, дұға тілесе де, оны мәдени дәстүр деп қабылдайды.
Көпшілігінен “дінге сенесің бе? – деп сұрасаң:”жоқ” деп жауап береді, яғни атеист.
Жапон халқында өзін дінсізбін деп санайтындар 60-70% шамасында.
Сонда да олар Жаңа жылда храмға барады, некесін Шинто салтымен қияды, қайтыс болғанда буддистік рәсім жасайды.
Қысқаша айтқанда, жапондар көбіне атеист, бірақ дәстүршіл. Олар үшін дін — сенім емес, әдет-ғұрып.
Бірақ, осы атеист жапондардың орташа өмір сүру жасы 85 жыл екен. Бұл – әлем бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ал мұсылман елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.
Себебі олар; адамға сенім емес-сананың керек екенін, біз сияқты мешіт жағаламай, яғни ғибадат емес – ғылым қуу керек екенін, бес уақыт намаз оқып, тілек тілемей – еңбек ету керек екенін жақсы біледі. Соның арқасында медицина өте мықты дамыған және де олар салауатты өмір сүру тәсілін жақсы меңгерген.
Жапон атеистері әлемдегі ең сапалы Toyota, Honda, Lexus, Mazda секілді көліктерін шығарады.
Жапон атеистері жоғарғы баллдық зілзалаға төтеп бере алатын жоғары технологиялы үйлер салады.
Жапон атеистері цифрлы технологияда көш бастап тұр (роботтар, электроника, жасанды интеллект)
Олар білім мен тәртіпті басты құндылық көреді.
Олар біз сияқты таңмен тұрып мешітке барып тілек тілеп;”бәрін Құдай береді” деп құдайдан сұрамайды. Олар өздеріне керегін жасап алады. Себебі олар жер бетінде тәртіп орнату, өзінің жағдайын өзі жасау, тек адамның өз қолында екенін біледі.
Ал біз ше?
Біздер көп жағдайда дінге жүгініп, білімге салғырт қараймыз, ғылымнан алшақпыз,ізденбейміз. Бала тәрбиесін де, қоғам дамуын да, өндірісті де дұғамен емес, ақылмен, іспен дамыту керек екенін білмейміз.
Біз тек Алладан тілейміз, себебі: біздің имамдар бізді солай үйретіп қойған. Үйреткенде қалай? Бес уақыт намаз оқисың, садақа бересің, зекет бересің, қажылыққа барасың, сосын Алла саған өзі береді. Басқа ештеңе істемей отыра бер дейді.
Адамның сенімі – жүректе қалуы керек.
Ал санасы – өзін де айналасындағы ортаны да, мемлекетті де, алға сүйреуі керек.
Бір ел атеист болса да, өте білімді, дамыған, бүкіл жағдайлары жасалған.
Ал бір ел бар, ол елді айта алмаймын…
Себебі: сол елде өзім тұрып жатырмын.
Қысқасы:
Айта-айта Алтайды,
Жамал апам қартайды.
( Менің осындай дін туралы жазған постарыма біздің қасиетті де қадірлі дініміздің мамандары мен дінімізді қатты ұстанатын адамдары (надандары) комментарийден де бөлек жекеме шығып, маған сес көрсетіп, күнде қорқытатынды шығарыпты . Кеше бір жарты бас біреу маған Шымкенттің жігіттерін жіберіп, мұсылман дінін қайта қабылдатып, кешірім сұрататын болған. Онысынан түк шықпаған соң мені түрмеге қамататын болып шешті. Жаман қорқып кеттім.Осылай жүріп сотталып, болмаса өліп кетпесек болғаны).
Байкал САИМОВ, қоғам белсендісі.
Фото көрнекілік үшін.