Долларға не болды?

0
23

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады деп жазады ҚазАқпарат.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,48 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447, 74 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 31 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 448,2 теңге, сатып алу – 449,4 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445,5 теңгеден болса, сатып алу – 449,5теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,89 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,91 – 5,01 теңгеден сатылуда.