«Достарымның біразы теріс айналды» дейді актер
Белгілі актер Ерболат Әлқожа өзінің басынан өткен қиындығы туралы айтты деп жазады democracy.kz тілшісі.
«Мен өлем деп ойлайтынмын. Күнде үйдің артына барып алып жылайтынмын құдайға зарымды айтып. Мен саған не жаздым, мені бұлай қинайтын болсаң, неге өмірге алып келдің деп.
Депрессияда болдым одан белімнен грыжа болып төсек тартып 2 жыл бойы жаттым. Сол уақытта, маған әйелім мен ата- анам қарады ғой. Еркектің сорлы болып қалатын уақыты үйге бір нан ала алмай қалуы.
Үйде бір қуаныш болып той жасайтын болдық, ол кезде тәуір болып қалған едім. Алайда, киноға да театрға да керек болмай қалдым шақырту болмай қалды.
Содан маған өнердегі достарыңды шақырасың ғой деді. Достарыма хабарлассам біреуі мені танымайды ғой. «Ей мен ғой Ерболат» десем, қайсың ол, танымадым дейді ғой.
Мен бір адамға басымды иемін, ол — Өмірқұл Айниязов. Оны соншалықты сыйлаймын. «Ей сені таппай қалдым ғой, қайда жүрсің» деп тойыма келіп төбемді көкке жеткізіп кетті. Мен оны өмір бойы ұмытпаймын»- дейді Ерболат Әлқожа.