«Екінші әйел алмаған еркек — қорқақ еркек» дейді «ғалым»

0
297

ТикТок әлеуметтік желісінде Асылбек Жүсіп атты желі қолданушы “ғалыммен” жасалған сұхбат видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.

Сұхбаттағы тақиялы, сақалды, егде жастағы кісінің аты-жөні, қызметі көрсетілмеген. Десек те, видео жарияланған парақша иесі оны дәріптеп “ғалым” депті.

Сонымен бұл жолғы “ғалым” не дейді? Еркектің 2-3-4 әйел алуы туралы айтыпты. Айтқанда да, мынадай насихат, мынадай жарнама, мынадай сөзді бұған дейінгі уағызшы, ғұлама, имамның ешбірі айтпаған болар, сірә?!

“2-3 әйел болып байға тиюге намыстанбаңдар. Алла сендерді 2-3 әйел болу үшін таңдапты. Сендер пайғамбарымыздың сүннетін тірілтіп жатсыңдар. Екінші әйел алған еркек те, ұялмасын, оны да Алла таңдады. Қаншама еркек жүр екінші әйел ала алмай. Сен қайта мақтануың керек. Көп әйел алу күшке, байлыққа қарамайды. Талай бай еркектер жүр, бірінші қатынынан қорқып, екіншісін ала алмай жүрген. Екінші әйел алуға қадам жасадың ба, сен нағыз мықты еркексің! Ал екінші әйел болып тидің бе немесе күйеуіңе екінші әйел алып бердің бе, онда сен нағыз батыр анасың! Екінші әйел болып тидің бе, сенен сондай мықты балалар туылады. Еш күмәнданба!” — деп дем берген “ғалым” еркек 40 жастан кейін де бала тудыра алатынын, ал әйел 40 жастан кейін туа алмайтынын алға тартып, күйеуіне екінші әйел әпермейтіндерді “әділетсіздік жасап отырсың” деп сынады.

“Екінші әйел әпермеу — бірінші әйелдің эгоистігінен болады. Екінші әйел алмай, сыртта зина жасап жүрген еркектер “подкаблучниктер”, әйелінен қорқатындар. Еркексің бе, екінші қатын ал”,- деген “ғалым” атаның өмірінің мәні тек көп әйел алу ұғымымен өрнектелгендей екен.

Фото видеодан скринделіп алынды.

@asil_zhusip

#қазақ #мұсылман #дін #rec #capcut #хочуврек #рэк #рекомендации #казахстан #ислам #тоқал #көпәйелалу #тұрмысқашығу #ажырасу

♬ оригинальный звук — Асылбек Жүсіп