Экс-шенеунік өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

Қостанай облысының Лисаковск қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі kostanaynews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қостанай облысының полиция департаментінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті қамауға алынды, сот оны қамауға алуға санкция берді. Оның жеке ұйымның қызметкері екені белгілі. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Осы ақпаратқа қатысты Kozachkov Телеграмм арнасы күдіктінің бұрынғы шенеунік, экс-депутат болғанын, қазіргі кезде жеке компания басшысы болғанын жазды. Қамауға алынған экс-шенеунік өзінің өгей қызын зорлаған деген күдік бар.
Фото көрнекілік үшін.