Экс-судья Светлана Жолманова тергеуге алынды

0
130

Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова полицияға жеткізілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде судья аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті полицияға жеткізілді және қазір тергеу жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Светлана Жолмановаға 2021 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Сол уақытта экс судья мүдделі тұлғалардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектесіп, алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.

Кейінірек қылмыстық іс тоқтатылып, ол судья қызметінен босатылды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.