Елдос Сметовтің мұғжизасы қандай?

0
876

Елдос чемпиондікі сенім ғой. Бәрімізге керек нәрсе. Жақсылыққа, ізгілікке (Елдостың мысалында Жаратушыға) деген таза сенім және оны кіршіксіз сүю.

Сенім (немесе Елдостың мысалында иман) махаббатымыз арқылы бізге ақпарат береді. Басқаша айтар болсақ жақсылық, ізгілік атаулыға деген сеніміміз бізге жақсылықтың жаршысы, хабаршысы болып қызмет етеді.

Тағы да басқаша түсіндірер болсақ сіздің жақсылыққа немесе ізгілікке сенуіңіз үшін (иман етуіңіз үшін) таңғажайып нәрсені көруді (діни терминологиямен айтар болсақ мұғжизаны), яғни дәлелді қажет етпейсіз.

Сенімге ие болсаңыз болды. Сол сеніміңіз мұғжизаны өзі-ақ тудырады. Яғни иманыңыз мұғжизаның қайнар көзі, туған жері. Адам баласы жақсылық атаулыға, ізгілік атаулыға шын көңілмен бір рет иман етті ме, болды, міндетті түрде бір күні іске асар мұғжизасының іске асу мүмкіндігін де қабылдауға міндетті.

Бұл ойды бір кездері Достоевский атамыз айтып кеткен еді. Тарковский оның осы бір сөзін дәлелдер 7 фильм түсірді.

Мен де өз сенімімнің арқасында талай таңғажайып, адам сенгісіз мұғжизаларды көріп жүрмін.(Сіздер де көріп жүрсіздер). Мысалы, осыншалықты трагедияға толы тарихымыздан кейін, ашаршылықтан кейін, Аущвицтен кейін, Газа секторындағы, Ауғанстандағы, Украинадағы және тағы басқа әлемнің әр түкпіріндегі аяусыз өмір немесе соғысқа қарамастан (Жеке өмірімізді мысал етер болсақ бізге жасалған әрбір бөгет пен түрлі қиянатқа қарамастан) әділ, жақсы, жанашыр, мейірімді, ізгі адамдар әлі бар. Бұл таңғажайып, мұғжиза емей немене?!

Елдостың қарсыластарын кішкентай адам сияқты көруі — оның иманынан туған мұғжиза.

Көбіміз үшін бұл абсурд, далбаса нәрсе болып көрінуі мүмкін. Оқиғаға далбаса, абсурд деп қарауыңыз да сіздің сеніміңіздің мұғжизасы шығар.

Кім білсін?! Жақсылық ойлаған жақсылықты, жамандық ойлаған жамандықты көреді деп айтып кетті ғой көне даналар.

Молдияр ЕРДЕБЕКОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.