Елімізде АЭС салуды қолдайсыз ба?

0
280

Алматыда АЭС-ке қатысты талқылаулар өтті. Бұл Қазақстан қалаларында өтіп жатқан 19-шы талқылау екен. Сарапшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері мен белсенділер, қала тұрғындары және басқалар қатысқан.

Сұрақ-жауап форматы ұйымдастырылған. Әлбетте АЭС құрылысын қолдайтындар да, қарсылар да болған.

Осы уақытқа дейін жиі айтылмайтын Три-Майл-Айлендтегі апат айтылыпты. Біздің қоғам Чернобыль АЭС-індегі апатты жақсы біледі ғой. Өйткені ол КСРО-да болды. Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысқан қазақстандықтар да жетерлік дегендей.

Алайда 1979 жылы, 28-наурызда Три-Майл-Айленд АЭС-інде апат болғанын көбі білмейді. Пенсильвания штатындағы АЭС-тің реакторы істен шыққан болатын, радиациялық қауіп төнген еді. АҚШ, Батыс үшін бұл үлкен оқиға еді.

Бұл оқиға жайлы «Из первых уст: Три-Майл-Айленд» деген докфильм көрген едім, Netflix түсірген. Оған дейін мен де білмеген едім. Қызық туынды, көріп шықсаңыз болады.

Чернобыль, Три-Майл-Айленд АЭС-теріндегі апаттардан кейін реакторлардың үшінші буыны пайда болған екен. Бүгінгі талқылауда сол жайында айтылыпты.

Ал АЭС-ті көпшілік қолдаса, қайда салынуы мүмкін деген сұрақтың да жауабы белгілі бола бастағандай. Сол Үлкен ауылының маңында сияқты. Талқылауда МАГАТЭ-ның комиссиясы осыдан 28 жыл бұрын дәл осы Үлкен ауылының маңында АЭС салу қолайлы деп ұсыныс білдірген деген пікір айтылды.

Талқылауда осындай қызық фактілер айтылыпты. Ал сіз АЭС құрылысын қолдайсыз ба, жоқ па? Не үшін қолдап/қолдамайтыныңызды экономикалық, саяси, энергетикалық фактілермен жаза отырыңыз.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.