Елімізде баланы адастыратын оқу құралдары сатылуда

0
178

Ұлым глобус әперші деген соң, Kaspi.kz арқылы тапсырыс беріп, глобус алып едім. Алматыдағы дүкеннің бірі. Бүгін жеткізді. Глобус екі режимде жұмыс істейді. Физикалық және саяси карта ғой.

Глобусты қарасам, Украинаның оккупациядағы аймақтарын Ресейге қосып қойыпты. Сатып алған дүкенге жаздым. “Біздегі глобустың барлығы осындай” дейді.

Қазақстанға кіріп жатқан өнімді қарайтын, тексеретін орган бар ма өзі? Мынандай глобусты қанша адам сатып алды, қанша оқыту орталықтары алды, ешкім білмейтін шығар.

2022 жылы Қазақстан президенті Петербор форумында ЛХР, ДХР деген квазимемлекеттік құрылымдарды мойындамайтынын нақты айтты. Қазақстан Қырымның аннексиясын да мойындаған емес. Бұл біздің еліміздің ресми позициясы!

Ендеше неге Қазақстанның ұстанымына сәйкес келмейтін тауар түрлері сатылымда тұр? Бұны кім қарайды, кім қадағалайды? Қай орган жауап береді?

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.