Елімізде былтыр 132 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген

Қазақстанда былтыр 132 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзу ісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, адам өлтіру (-4%, 591-ден 566-ға дейін), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (-10%, 1806-дан 1627-ге дейін), тонау (-24%, 2030-дан 1551-ге дейін), ұрлық (-28%, 42639-дан 30593-ке дейін), мал ұрлау (-31%, 1520-дан 151-ге дейін), кәмелетке толмағандардың қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар (-0,2%, 876-дан 874 дейін) және жасөспірімдер қылмысы (-2%, 1 925-тен 1 890-ға дейін) қысқарды.
«2024 жылы алаяқтықтың шамалы өсуі тіркелді (+0,8%, 44 786-дан 45 156-ға дейін), бұл ретте интернеттегі алаяқтық 5%-ға (21 777-ден 22 870-ке дейін) өсті.
Мұндай құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен басталып, кейіннен зардап шеккендерге несие ресімдеумен аяқталады.
Осыған байланысты Бас прокуратураның тікелей үйлестіруімен банктерге және телекоммуникация операторларына қатысты 30 қылмыстық іс тіркелді», — делінген хабарламада.
2024 жылғы шілдеде Ұлттық банктің негізінде алаяқтыққа қарсы орталық құрылды, ол қатысушылардың заңсыз транзакцияларды анықтауына және жедел бұғаттауына және нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуына мүмкіндік береді. Оған 60-тан астам ұйым (банктер, ірі төлемді, микроқаржылық ұйымдар және Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері) қосылған.
Алаяқтыққа қарсы орталық 1,2 миллиард теңгенің аударымдарын бұғаттап, 81 миллион теңгені өз еркімен қайтартты.