Елімізде кальянға толық тыйым салынбақ

0
85

Қазақстанда кальянға толық тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық орындарда кальян сатуға шектеу қою мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Айта кетейік, бүгінде кальянды тамақтану орындары мен кеңсе, саябақтарда қолдануға рұқсат жоқ.

Мәселен, тыйым салынған жерде кальян шеккен азаматқа 55 мың теңге, сатқан кәсіпкерге 185 мың теңге айыппұл салу қарастырылған. Десе де, заңға бағынбай, зиянды өнімді тұтынатындар саны аз емес.

Әзірге заң жобасы әзірленіп жатыр.