Елімізде қара қытайдың қаптауы кімнің арқасында?

0
311

Facebook әлеуметтік желісінде қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан қытай кәсіпкерлеріне жер беру мәселесіне қатысты жазба қалдырды деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

“Саудагер бизнесменнен, ұлтшыл «өлерменнің» шықпайтынын әуелден жазып келем. Назарбаев өз дәуірінде Қытайға,Ресейге т.б-ға қазақ жерін сату нормасын парламент арқылы өткізбек болған ойы халық наразылығынан кейін тоқтаған-ды.

Кейін, «ұзақ жылдарға жалға берсек» дегендерін де халық өткізбеді. Ең қызығы сол, осы жерді «шетелдіктерге сатса, болады» деп құптағанның көбі әлі аттан түскен жоқ. Жә, қытекеңдердің ендігі әдісі: жергілікті қазақ кәсіпкерлері арқылы жерімізге кіруді жолға қойған сияқты.

Кеше ішерге ас таппай жүрген кейбір қазақ “торгаштарының” ірі кәсіпкерге айналуы сырттан, қазақ жеріне «аттандап» кіре алмаған шетелдік магнаттардың, «мысықтабандап» кірмекке құйған инвестициясы көмегі деп ойлаймын.

Иә, құйған инвестициясы  мемлекет қаржысына қатысы бар болса, оны қорғау үшін қытайлық кәсіпкер өз елі билігінен көмек сұрап әскер шақыруына мүмкіндігі бар” деп жазады Төртуыл Шоқан. Сонымен қатар ол қытай кәсіпкерлерінің қазақ жерінде бизнес ашуы туралы видеомен бөлісті.

Видеоны қарап шығып, түйгеніміз, Зауытбек Тұрысбековтің бастамасымен Аршалыда қытай инвесторлары қойма ашпақ көрінеді. Қытай елімен бизнес тұрғысында байланыс орнатудың “ғажайып” жақтарын айтқан З.Тұрысбековке сенсек, ашылатын тауар қоймасы орасан зор пайдаға кенелтеді екен.

Жалпы, бұл ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында Қытайдың бір зауыты немесе бизнес нысаны бар. Алматыны қытай кәсіпкерлері әлдеқашан “жаулап алғаны” мәлім. Ал мұнайлы өлкемізде өріп жүрген қытай туралы айтудың өзі артық. Бұл қауіпті тенденция ма, әлде қытай инвесторлары аузымыздан май ағызып, пайдаға қарық қыла ма?