«Еліміздегі ажырасу себептерінің бірі — бала сүйе алмау» дейді министр Аида Балаева

0
74

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы,Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өңірлердегі демографиялық ахуалды атады, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы  сайтына сілтеме жасап.

«Президент мемлекеттің демографиялық өзгерістерін болжау, олардың салдарын анықтау, түсіндіру және олармен күресу үшін уақытылы шаралар қабілетін қамтитын тұрақты демографиялық маңызын атап өтті. 2021 жылы біз соңғы 30 жылдағы ең жоғарғы туу көрсеткішіне жеттік.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Маңғыстау облыстарында халық санының өсімі жақсы деуге болады. Ал Қостанай, СҚО-да адам азайған. Халық саны орташа деңгейде өсіп отырған Қызылорда және Атырау облыстары екен», — деді Балаева.

Министрдің айтуынша, солтүстік өңірлерде халықтың азаюы тіркеліп отыр.

«Қазақстанның отбасылары ұлттық баяндамасына сәйкес, елімізде 94,5 пайызы отбасылық қарым-қатынасқа қанағаттанған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9 пайызға, ал ажырасу 5,3 пайызға азайған.

Ажырасудың негізгі себептері: алкоголизм, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы 61,7 пайызды құрайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық 51,1 пайыз, опасыздық 47 пайыз, лудомания 38,4 пайыз. Зерттеулерге сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызы шын ажырасудың негізгі себебі бала сүйе алмау дейді, әр 6-отбасы осындай жағдайға тап болады», — деді Аида Балаева.

Фото ашық дереккөзден алынды.