Еліміздің елтаңбасын өзгерту керек пе?

0
287

«Жаңа адамдар» Жастар қозғалысы» қазіргі Елтаңбаны өзгерту туралы бастама көтеріп, ұсыныс тастады, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

Жаңа көзқарастағы жастарымыз қазіргі Елтаңбаның заман талабына сай келе бермейтін тұстарына тоқталып, оны өзгертуде халық болып атсалысуға шақырады.

«Елтаңба — белгілі бір компанияның логотипі емес екенін ескерсек, Қазақстанның қазіргі ресми рәмізінің бірі Елтаңбасы құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-ы елтаңбамызды тани алмады», -деген «Жаңа адамдар» Жастар қозғалысының» белсенділері жаңа елтаңба — жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек екенін айтады.

Халықтың, оның ішінде жастардың болашаққа деген сенімін нығайтуда мемлекетіміздің Елтаңбасының алар орны үлкен. Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де: «Жарқын болашаққа деген сенімі жоқ халық — тұғырлы мемлекет құра алмайды». «Алға қойған мақсаттарымыз бен жоспарларымыз, армандарымыздың орындалуы өзімізге байланысты.

Еліміздің ынтымағын, тұрақтылығы мен тұтастығын қадірлеуіміз керек. Халқымыздың рухын көтеретін бірлік. … Ел санасында бірлік болуы тиіс» — деген болатын. «Олай болса, баршамызға қалаулы, жаңа символ қажет болса, әр шаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай боларын шешетін халық болуға тиіс», — деген Жаңа адамдар жаңа елтаңба жасайтын уақыттың келгенін, сондықтан да бірлікте шешім қабылдайық деп мәлімдеме жасады.

Бұл бастамаға сіз не дейсіз? Елтаңбаны өзгертуді қолдайсыз ба?

Фото ашық дереккөзден алынды.