Енді «ахилар» арасында дау басталды
ТикТок әлеуметтік желісінде бір біріне «ахи» дейтін жас жігіттер бар. Жұрт оларды «ахилар» деп таниды. Аралары керемет достыққа құрылған сол жігіттер бірнеше күннен бері ТикТокта айтысып бастады деп жазады Democrat.kz.
nursbloger атымен тіркелген Нұрсұлтан есімді «ахи»: «Ахи бауырымызға көркем түрде ескрткен болатынбыз. Бірақ ахидың сөзі..» деген ол досының «керек емес, маған ондай әңгімелер. Ахи есіңді жина деп айтатын ол маған ешкім емес. Стримде қыздармен отырғаныңды көріп, үндемедім дейтіндей, кім ол соншама? Пайғамбар ма ол? Діннің атына кір келтіріп жатсың дейді» деген видеосын қосып көрсетті.
Араларында бөлісе алмаған не нәрсе болғаны түсініксіз. Алайда бұл жерде өрімдей жас қазақтың жігіттерінің бір біріне «ахи» деуі мен дін үшін сөзге келуі көп нәрсені көрсетпей ме?
Үлкен аға-әпкелерінен көргенін жасайтын жастардың қазіргі беталысы осылай болары сөзсіз-ақ. Десек те, ғылым, білім, өнер, болашақ үшін емес, наным-сенім үшін жастар өзара сөзге келіп жатса, ел ертеңінен не күтеміз?
Фото видеодан скринделіп алынды.
@nursbloger АҚИҚАТ ОСЫ! 🤏