Енді діндарлар тоқал алу арманына оңай қол жеткізеді

0
748

Дінге жолап кеткен әрбір еркектің ең түпкі қалауы – бірнеше әйел алу екені саналы кісіге мәлім. “Діншіл, намазда жүр” деген қалталы еркектің 99 пайызында кем дегенде, екі әйелден бары да баршаға аян. Ал мешіттен шықпайтын, бірақ қалтасы жұқа жігіттер бірнеше әйел алуды тек армандаумен ғана шектеліп жүрсе, енді ол армандары орындалатын болды деп жазады Democrat.kz.

Бұған дейін ашық-шашық “киінген” робот келіншектер діншіл кісілерді қызықтырғанымен, “мұсылман емес әйелге қарап, Алланың қаһарына ұшыраймыз ба” деп қорықса, енді еш қорқудың керегі жоқ.

Себебі дамыған технология мұсылман қауымның да тілегін ескеріп, хиджабтағы робот қыздарды жасап шығарды. Бұл туралы робот әйелдердің жарнамасын жасаудың шебері, ТикТокта ALBAN ALMATY атымен тіркелген жігіт ағасы хабарлады.

ALBAN ALMATY өз парақшасында “халал, бес уақыт намаз оқитын, ішпейтін, шекпейтін, екі хиджаб киімі бар робот әйел “дүниеге келгенін” хабарлап, видео бөлісті.

Фото видеодан скринделді.

@alban_almaty88888

#роботәйел #халяль #интеллект

♬ оригинальный звук – ALBAN ALMATY