Енді қазақтың ата сөзін бұрмалау басталды ма?

0
1276

ТикТок әлеуметтік желісінде келесі бір «білгіш данышпан» сәби дүниеге келген балаға айтылатын қазақтың сөзін исламмен байланыстырды деп жазады Democrat.kz.

«Бала туғанда «бауы берік болсын» тілек айтамыз. Бауы? не бау ол? Қазақ атам заманнан мұсылман. Ал құран кәрімнің бірнеше аяттарында алланың жібіне берік ұстаныңдар деп айтады. Яғни, исламды берік ұстаныңдар, алланың дінін берік ұстаныңдар дейді. Сонда ата-бабамыз бала туғанда оған ең основной дұғаны жасаған екен. Бұл бала құранды, сүннетті, исламды берік ұстансын деген екен»,- дейді Aqarys атымен тіркелген «көп білетін жігіт».

Фото видеодан скринделіп алынды.