«Енем маған қара магия жасап, есімнен адастырды» дейді келіншек
Әлемде түрлі мистикалық оқиғалар мен тылсым дүниелер бар. Бірі бұған сеніп жатса, енді бірі бұл туралы бейхабар болуы мүмкін. Осындай дуа мен қара сиқырдың құрбаны болған Диля өз оқиғасын айтып берді деп жазады democracy.kz тілшісі
«Бір жылдың ішінде неше рет ажырасып үйге келдім. Алайда үйдегілер мені үйге қамап қойса да, қашудың амалын тауып, сол үйге қайта бара беретін едім.
Мал ұқсатып жұмсаса да, тіріліктерін істеп, айтқандарын жасап жүре беретін едім. Бір күні есімді жиып мен неге бұлай жүрмін деп зерттей бастадым.
Солай өзіме қара сиқырдың жасалынғанын білдім. Ең ауыры мұны маған енем жасап жүр екен. Не болсада біздің үйден кетпесін, өзінің әке-шешесі жау болсын деп жасаған екен.
Содан бұл дуадан тазарғаннан кейін оларға не болғанын естідім, өздеріне кері барып тиген екен. Отбасының топалаңы шықты» дейді Диля.
Дуа және қара сиқыр – түрлі мәдениеттер мен наным-сенімдерде кездесетін, адамның белгілі бір мақсатына жету үшін жасалатын мистикалық әрекеттер. Олар көбінесе адамның еркінен тыс оның тағдырына, көңіл-күйіне, денсаулығына немесе қарым-қатынасына әсер етуге бағытталады.
Дуа – бұл көбінесе рухани немесе діни тұрғыдан дұға ету арқылы белгілі бір жақсылықты тілеу. Бірақ кейбір контекстерде дуа теріс ниетпен, яғни біреуге зиян келтіру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда ол қара сиқырдың бір түрі ретінде қарастырылады.
Ал, қара сиқыр – белгілі бір ритуалдар мен күштерді қолдана отырып, басқа адамдарға зиян тигізуді мақсат етеді.
Мұндай дүниеден қалай сақтануға болады?
Діни сенімге сүйеніп, дұға ету және жақсылық тілеу.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.