Ерке Есмаханның “рахат өмірі” басталды

0
234

Танымал қазақстандық жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim бірге демалысқа аттанды. Бұл жолы әншілердің таңдауы Түркияның Стамбұл қаласына түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында күйеуі Райммен бірге оңаша демалысқа аттанғанын айтты. «Бүгін демалысқа ұшып бара жатырмыз. Райм екеуіміз ғана. Кездесіп жүргенде бұл мекенге баруды қатты армандадық.

Қол ұстасып дүниежүзін араласақ та, біздің махаббатымыз үшін орны бөлек қалаға жол енді түсіп жатыр. Ал бала-шағаны Оралға жібердік. Ата-әжесінің бақытында шек жоқ. Айта кетейін, алдында концерттерде жүргенде Ислам суалып кетті. Қысқасы, рахат өмір», — деп жазды әнші.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.