Ерке хиджаб киіп, намазға жығылды ма?

0
111

Әнші Ерке Есмахан жаңа образын көрсетіп, пост жариялады. Нәзір реңді көйлегі мен орамалы халық назарын аударып, көрермендері мен оқырмандары Ерке Есмаханның намазға жығылуына тілек білдіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өзіңді қатты жақсы көрсең, өмір де сені солай қатты жақсы көреді! Тексерілген», — деп жазды Ерке Есмахан.

Парақшасындағы оқырмандар Ерке Есмаханның нәзік әрі сұлу образына тәнті болып, жылы лебіздерін арнаған. Бір пост астындағы пікірлер бес мыңға жуықтаған.

Ал «осылай күйеуіңізбен бірге намазға жығылайын деп жүрген сияқтысыз. Бәрімізге де ерте ме, кеш пе намазға жығылуды нәсіп етсін» деген оқырманның пікірі көпке ұнаған. Өзге оқырмандар да Ерке Есмаханға жабық киім, орамал жарасатынын айтып, тілектерін жаудырып жатыр.

Фото интернеттен алынды.