«Ерке тартып алмасын!»: Раймның бұрынғы сүйіктісі қалыңдық атанды

0
36

Әнші Раймның бірнеше жыл бірге болған бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанқызына болашақ жары ұсыныс жасады, деп хабарлайды Democrat.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Наргиза Рамазанова бұл қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп: «Әдеттегіде кеш болған. Бірақ ұмытылмас күнге айналды», – деп жазды.

Бұл жаңалыққа желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Раймнан да күшті, Ерке тартып алмасын, Наргиза да бақытты болуға әбден лайық, бұл қыздың бақытын барлық Қазақстан күтті, Ерке Есмахан қуанған шығар, Наргизадан Раймды қызғанады ғой, Бақытты бол», — деп жазды олар.

Наргиз Рамазанова әнші Райымбек Бақтыгереевпен бірнеше жыл қарым-қатынаста болған. Алайда кейін Райм Ерке Есмаханға үйленіп кеткен еді.