Еркектің қадірін түсірмейік

0
189

Бүгінде бала тәрбиесі, детская травма деп өбектеп жүргенде баланың культі орнап жатыр. Өткенде бір ресейлік психолог «бұрын-соңды балаға дәл қазіргідей шектен тыс көп назар аударылмаған» дейді.

Әйелдердің де рөлі культ деңгейге ақырындап жақындап келеді. Тек өзіңді сүй, өзіңді бағала, өзіңді күт деп насихаттайтын коучтар аз емес. Ол жаман емес қой, бірақ осы ақылды орынсыз пайдаланып жатқандары да жоқ емес.

Осы тұста жылына 1 рет болсын адал еңбегімен отбасын асырап жүрген ер азаматтардың рөлін айтып кетуіміз шарт. Солай болып қалды, мінез жараспады деп айта салу оңай заманада «жарым — аманатым, отбасым — жауапкершілігім» деп міндетін терең түсінетін азаматтар аман болсын, олардың саны көп болсын.

Ауыл-аймақта, қалада олар таксист, кәсіпкер, мемл.қызметкер не құрылыста ремонт жасаған кафельщик шығар. Немесе мұғалім, теміржолшы, кафедегі аспаз шығар. Бірақ нәпақамды әйел, бала-шағама апарайын, соларды өсірейін деп жүрген азаматтар туралы да айтып кетейік.

Бір қарағанда қарапайым дүние секілді. Бірақ лудомания, қысқа уақытта ажырасу, синтетикалық есірткі қолдану, алимент төлемей қашу, орта жасқа келгенше үйленбеу жүру кең тараған уақытта жоғарыда жазған дүние құнды болып барады. Меніңше.

Нұрмұхамед БАЙҒАРАЕВ,

Facebook-тағы жазбасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.