Ешқандай ас, жаназаға бармайтын имам

Quyla media арнасына сұхбат берген имам Ерсін Әміре өзі туралы тағы бір қызықты деректі айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Бүкіл имам-молда біткен жаназа, ас, неке қию секілді дүниелермен ақша табатыны баршаға мәлім. Алайда Ерсін Әміре осынша жылдық имамдық жұмысында жаназа, ас дегендерге бармайтынын жеткізді.
“Өмірімде 4-5 рет қана жаназаға қатысыппын. Оның өзінде де азаматтар өтінішімен жаназа шығарған екенмін. Көбінесе сабақ беру жағында жүрдім”,- дейді Ерсін Әміре.
Фото интернеттен алынды.