Ескі киімге жасалған дуа-сиқыр бір отбасының талқанын шығарды

Киіммен ауруын аударған дегенге сенесіздер ме? – Біреуден қалғанды кием деп бір отбасы жоқ боп кетті. Обал-ай. Қандай семья еді?!, – деп күрсінді сатушы. Үй жақтағы дүкенге кірсем, сондағы апай мені көрсе әңгіме айтқысы кеп тұрады өзі. – Қалай?, – дедім таңырқай.
Ол кезде өзім де жас едім. Көршіміз болды, бала-шағасы көп болатын. Бірде бар, бірде жоқ. Алайда балалары әжептәуір жақсы оқып, жетіліп келе жатқан.
Бірінікін бірі киіп өсетін заман ғой. Жамап-жасқап. Содан бір күні әдемі, қымбат киімдер кие бастады солар. Бренд. Бай-бақуатты туыстары өздерінен қалған киімді әкеліп тастапты сөйтсе.
Ойларында ештеңе жоқ, шеттей бала-шаға болған соң кигізген ғой. Содан бірақ көп ұзамай өзінен өзі балалары ауырып, біреуінің бір қол, бір аяғы істемей қалды. Біреуінің денесіне жара шықты.
Ең жаманы, әкелері апатқа ұшырап, көз жұмды. Бірінен соң бір қиындық шыға берген соң бір молдаға барса, “зиян жасаған сендерге, ауруын аударған” депті.
Сөйтсе, әлгі әкелген киімнің бәрін оқытып, өз балаларының ауруы мен отбасының ауыртпашылығын бізге жіберген екен”, – деді көршім.
Әлгіні естіп, әрі-сәрі боп қалдым кәдімгідей.
Сенер-сенбесімді білмей…
Неужели адамдар соншалықты қатыгез?
Сіздер осыған сенесіздер ме?
Балаларға туған-туыстар берген киімді кигізесіздер ме?
Өздеріңіз кішірейіп қалған киімді тастайсыздар ма, жоқ біреуге бересіздер ме?
Таза, адал ниетпен бергеніңізді секемденіп, қоқысқа тастаған адамдар болды ма?
Мариям АБСАТТАР, журналист.
Фото көрнекілік үшін.