«Еврей ұлтына орынсыз жала жабу, жеккөрушілікке тоқтау салынуы керек» дейді Тұрарбек Құсайынұлы
Дін зерттеуші, қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынұлы әлеуметтік желідегі дін адамдарының өрескел, дөрекі, сауатсыз әрекеттеріне қатысты шағымданып, Берік Ноғайұлының атына ресми хат жолдады деп жазады Democrat.kz.
Дін зерттеуші өз хатында: «Құрметті, Берік Ноғайұлы, Отанымыз Қазақстан Республикасы- көпконфессиялы және әртүрлі ұлттардың бірлігі мен ынтымағы жарасқан зайырлы-құқықтық мемлекет.
Бірақ өкінішке қарай, соңғы 10 жыл мен қазіргі уақытқа дейін елімізде деструктивті дін өкілдерінің тарапынан еврей ұлтына деген жеккөрушілік, яғни ксенофобиялық- антисемиттік бағыттағы діни уағыз-насихат өте қатты өршіп тұр.
Оған нақты дәлел ғаламтор мен әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушысы бар ютуб- арналарда (инстаграм,тик-ток, фейсбук) ұлт және діни араздыққа «174 бап» ашық түрде шақыратын діни уағыздар мен экстремистік пиғылдағы мыңдаған пікірлер дер едім.
Атап айтқанда, еврей ұлтына деген орынсыз жала мен діни жеккөрушілік тудыратын бейне-аудио материалдардың көптігі мені әбден шошытты.
Тәуелсіз дін зерттеушісі ретінде менің ғаламтор мен әлеуметтік желіден көзім шалған, яғни антисемиттік контентке мысал бола алатын сілтемелердің минимумын төменде назарыңызға ұсынып отырмын:
ҚҰРМЕТТІ БЕРІК НОҒАЙҰЛЫ!
Сізден қазақ секілді мың өліп,мың тірілген,яғни тағдыры халқымызға өте ұқсас еврей ұлтына деген жеккөрушілік пен ашық террористік іс-әрекетке үндейтін әлеуметтік желідегі кез келген ақпараттық контентті тез арада өшіртіп,кінәлілерді құқықтық жауапкершілікке тартылуын өтініп сұраймын»- деп жазып көрсетті.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.