Ежелгі тарихта арабтың ғажайып діні туралы дерек жоқ

0
343

Тарихи факт: ешбір ежелгі өркениет еврей-араб діндерінде айтылатын оқиғалар мен пайғамбарлардың дәл солай Құдайы әлеммен байланысы барын растайтын тарихи дерек қалдырмаған.

Семит тілді еврейлер мен арабтар өздері сенетін Құдайлары туралы және Адам, Ибраһим, Мұса, Сүлеймен, Дәуіт, Иса, Мұхаммед …. секілді пайғамбарлары туралы ұлттық сенімдерінен дін жасап жатқан кезде, олар айналасындағы әлемге салыстырғанда өте болмашы, төмен сатыдағы халық болған: саны аз, ықпалы төмен болған, ешқандай ғажайып тарихи мұра қалдырмаған.

Ежелгі Американың Инк, Мая және Астек сынды үш ғаламат өркениеті, Ежелгі Вавилон және Мысыр, ежелгі Грек және Рим, ежелгі Үнді және Қытай, Ежелгі Сақтар мен Ғұндар, ежелгі Викингтер мен Парсылар …. барлығы орта шығыстағы шағын тайпалардан тұратын еврей мен арабпен салыстырғанда жоғары өркениетті және дамыған, күшті және ықпалды болғаны мәлім.

Осы ежелгі ірі өркениеттің ешбіреуі адамзатты Адам және Хауа деген екі кісінің жұмақтан қуылуынан бастап таратпайды, ешбіреуі Ибраһимді ұлттарды қалыптастырушы пайғамбар деп есептемейді, ешбіреуі еврей және араб пайғамбарларында Құдаймен сөйлесетін ғажайып қабілет болған дегенді айтпайды. Яғни, еврей-араб діни сеніміне қатысты олар ешқандай дерек қалдырмаған.

Иә, бұл өркениеттердің сол замандарда өз мифі, өз діні, өз ата-баба тарихы болды, олар ежелгі заман туралы аса мол деректер қалдырды, жазу да, мүсіншілік те, сәулет өнері де соларда жоғары дамыды, бірақ ешбіреуі еврей-арабтың ғажайып дініне қатысты жарты ауыз ештеңе қалдырған жоқ!

Мысалы, Мұса туралы мысырлықтар жарты ауыз ештеңе жазып қалдырмаған. Рим империясының том-том тарих жазған кісілері Иса деген біреудің ғажайып істері туралы білмеген

Қазіргі мода діндерге қарасақ, тап бір адамзаттың ежелгі тарихын тек еврей мен араб қана дұрыс есіне сақтап қалған құсайды. Ежелгі ең маңызды адамдар солардың кітаптарында ғана сақталған-мыс!

Ал, олармен салыстырғанда парасаты мен ғылымы, өнері мен сәулеті пәлен есе жоғары дамыған өзге ежелгі өркениеттер Адам ата мен Хауа ананы білмеген, жазып қалдырмаған, ешбіреуі Ибраһимнің ұлттардың атасы екенін білмеген, ешбіреуі Еврей-араб пайғамбарларының Құдаймен сөйлесе алатынын түсінбеген-мыс! Неткен күлкілі тарих))

Еврейлер ежелгі заманда көбінесе құл болып жүрген. Ал, арабтар жабайы құм-адамы болып, тайпалық деңгейде жасаған.

Егер еврей-арабтардың кітаптарында айтылған жайттар рас болса, осы ежелгі өркениеттер ең болмағанда қандайда бір дерек қалдырар еді: олар ең болмаса еврей-арабтан шыққан мыңдаған пайғамбардың біреуін есіне сақтап, жазып қалдырар еді, ондай дерек жоқ, іздегендер таппады.

Еврей-араб діни сенімі орташығыстың кішкентай шөл аймағына шектелген, содан былайғы әлем туралы ештеңе білмейді. Олармен бір мезгілде жасағандар да олардың сондай алапат Құдайы құдіретпен байланысқаны туралы ештеңе жазып қалдырмайды. Яғни тарихи факт жоқ, қасыңдағы көршің сенің айтып жүргенің рас екенін айғақтайтын ештеңе қалдырмайды, демек сенікі құр фантазия.

Тіпті солай деп айтуға болады, ежелгі Ірі өркениеттер бұл Семит халықтарына мән бермеген, көзге ілмеген, менсінбеген. Бейне қазіргі замандағы жоғары интеллектуалды және өнерпаз адамдар қарапайым жұрт арасында базар тапқан діни идеологияға еш пысқырмайтыны секілді.

Haidar Alphy әлеуметтік желідегі жазбасы.

Фото көрнекілік үшін алынды.