Футбол алаңында жанкүйерлер наразылық танытып айғайлады

0
65

Футболдан ұлттық құраманың бапкері – ресейлік жаттықтырушыға қазақстандық жанкүйерлер матч кезінде наразылық білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматыда өткен Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы матчта жанкүйер қауым ресейлік бапкерге наразылық білдірді. Бұл матчта отандастарымыз 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

«Черчесов, үйіңе қайт», — деп жанкүйерлер бірауыздан дауыстап айтты.

Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болып биыл маусым айында тағайындалған. Алғашқы баспасөз конференциясынан бастап ресейлік бапкердің басы даудан арылмай келеді. Қазақ тілі туралы әзілдеймін деп 700 мың теңгеден аса айыппұл арқалады. Тіпті, спорт министрінің де мәлімдеме жасауына тура келді.

Станислав Черчесовтің ұлттық құрамамен келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды. Ал оның ай сайынғы жалақысы 45 млн теңгеге жуықтайтыны туралы журналист Диас Нұрақын жазған.

Өз кезегінде Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Фото интернеттен алынды.