Ғалымжан Құрманбек: «…қынабыңды тазала!» деп хиджабтағы қыздарға ескерту жасады

Қазақ қоғамында «батырларымыз дін үшін соғысты» деген ауыр өтірік сөзімен танымал болған Ғалымжан Құрманбек араға біраз уақыт салып, тағы жұрттың алдына шықты деп жазады Democrat.kz.
«Жұрт менің өтірік сөздерімді, тарихқа жаққан қалың қара күйемді, қазақтың батыр аталарын «дінмен соғысты» деп аруағын күңіренткенімді ұмытып кетті» деп ойласа керек, Ғалымжан Құрманбек бұл жолы да әдеттегідей дінді қорғап сұхбат беріпті.
Оның бұл жолғы нысанасы — хиджабтағы қыздардың жыныстық бағытта айтатын сөздеріне қатысты екен. Хиджабты қыздардың қазір еркектің мүшесі, қынапты тарылту, жыныстық қатынас туралы түрлі «үйретуші» сабақтары қаптағаны рас.
Осыған байланысты Ғалымжан Құрманбек: «Хиджабтағы ондай қыздар Алланың қахарына ұшырағандар. Ондайларға қынапты тарылтпай, аузыңды тарылтсайшы, аузыңды тазала, сосын, қынабыңды тазала дегім келеді» деді.
Фото интернеттен.
@trende_kzz