Газада өлген адамның саны 40 мыңнан асты

0
128

Газаның денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, 2023 жылғы қазанда басталған соғыс 40 988 адамның өмірін жалмады, 94 825 адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синхуа агенттігігің жазуынша, Газаның солтүстігіндегі волонтерлар командасына 3 аптадан бері жанармай жетпей жатыр. Қазір бұл аймақта гуманитарлық және денсаулық проблемасы күшейген. Ауруханалар жанармай тапшылығынан жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл жараланған жандардың өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Еске салайық, былтыр 7 қазаннан бері Палестинаның ХАМАС лаңкестер тобы мен Израильдің ЦАХАЛ әскерилерінің арасында толассыз майдан жүріп келеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.