«Халықтың жалақысын көтеру керек! Өнеркәсіпті дамытайық!» атты петиция жарияланды
Қазақстандықтар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне “Халықтың жалақысын көтеру керек! Өнеркәсіпті дамытайық!” деген үндеумен петиция жариялады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Петицияға қол қоюшылар елімізде көптеп жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы ел экономикасын көтеруді, мұнайға тәуелділіктен арылуға шақырады.
“Жаңадан зауыттар салу мыдаған кісіні жұмыспен қамтуға жол ашады. Қазақстандықтардың отандық өнімдерді тұтынуына, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді” делінген петиуияда. Сондай-ақ ашылған жаңа зауыт-фабрикалар жұмыссыздықты жоюға ықпал етіп, қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартатыны айтылған.
Мұнан бөлек құжатта ел экономикасының дамуына бірден-бір әсер етуші фактор өнеркәсіптің бой көтеруі екендігі айтылып, отандық бизнеске де жағдай жасалатыны алға тартылыпты. “Қазақстанның өз ақшасы өз нарығында айналымға түскені елге де, халыққа тиімді” дейді құжатқа қол қоюшылар.
“Біз үкіметтің осы петицияны қолдауын, жергілікті өнеркәсіп орындарын дамытуды, осыған орай инвестицияларды өз нарығымызға салуға мүмкіндік беретін осынау бастаманы қолдауға шақырамыз” дейді үндеу жасаған азаматтар.
Петиция 25 мамыр күні ресми сайтта жарияланды, қазірдің өзінде оған 9 мыңнан астам адам қол қойған.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.