Хейли Бибер өз брендін миллиард долларға сатты

0
114

Хейли Бибер өзінің Rhode косметикалық брендін миллиард долларға сатқан, алайда әлеуметтік желіде мүлде басқа нәрсе талқыланып жатыр.

Rhode бренді сатылды
Тері күтіміне арналған Rhode брендін американдық e.l.f. Beauty корпорациясы 1 миллиард долларға сатып алды. Келісім ресми түрде расталды: 800 миллион доллар бірден төленсе, қалған сома компания болашақта қажетті нәтижелер көрсеткен жағдайда төленбек.

Хейли жобадан кетпейді – ол креативті директор ретінде қалып, инновациялар үшін жауап беруді жалғастырады. Комментарийінде Бибер “енді бренд әлдеқайда көп адамға жетеді” деп мәлімдеді.

Rhode 2022 жылы іске қосылды және аз уақыт ішінде әлеуметтік желілердің сүйіктісіне айналды – әсіресе атақты ерінге арналған тинттары арқылы. 2023 жылы бренд бар болғаны үш елде сатылып, 100 миллион доллардан астам табыс тапты.

Жанкүйерлер Хейли үшін алаңдаулы
Біреулер Хейлиді құттықтаса, енді біреулер оның не себепті бизнесін сатуға шешім қабылдағанын түсіне алмай отыр. TikTok пен Reddit желілерінде жаңа өнім партияларының “мүңкіген” немесе “зең” иісін шығаратыны туралы шағымдар пайда болды. Жанкүйерлер кейбір өнімдердің құрамының өзгергенін және бағалардың өскенін байқаған.

Сонымен қатар, желіде бұл шешімге Хейлидің күйеуі – Джастин Бибер әсер еткен болуы мүмкін деген сыбыс тарауда. Айтуларынша, Джастиннің қаржылық жағдайы қазір ауыр (мысалы, ол музыкалық құқықтарын сатқан), сондықтан Хейли отбасын қолдау үшін осындай келісімге барған. Бұл болжамға қатысты Хейли де, бренд өкілдері де ресми пікір білдірмеді.

Хейли Бибер кім және Джастиннің мұнда қандай қатысы бар?
Хейли – модель, кәсіпкер және әлеуметтік желілердің иконасы. Күйеуге шыққанға дейін Болдуин тегімен танымал болған және сән әлемінің ең танымал it-girl тұлғаларының бірі еді.

2018 жылы ол әнші Джастин Биберге тұрмысқа шықты. Бұл жұп – поп-мәдениеттегі ең көп талқыланатындардың бірі. Хейли 2022 жылы Rhode брендін өзінің екінші атымен атап, ресми түрде нарыққа шығарды.