Хиджаб кимеу — жалаңаш жүру деген сөз емес

0
784

Балағат, ол—боқтық сөз! Шындығында, Бәлиғат! Сосын, Бас муфти «ҚМДБ —ислам дінін жарнамалайтын бірлестік» дейді.

Ақиқатында, ҚМДБ діншіл қауымды басқаратын, қажет болғанда тиісті пәтуә шығарып—жөнге салатын, ел басқаруда билікке болысуы тиіс параллель билік емес пе?

Онда неге зайырлы қоғам заңына қайшы сөйлеп тұр дерсіз, жауап берейін!

ҚМДБ өздерінен жамағаты жеріп кетуден қорқады!

Онсызда ел ішіндегі саляфи—уахаби, ханафи ұстанымында жүргендердің көбі ҚМДБ ны мойындамайды.

Жә, орамал тағатындар құқығы бар жерде, орамал тақпайтындардың да құқығы бар.

Бас муфти білімді болса «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» сөйлеп, «судан құрғақ» шығар еді.

Меніңше, Бас муфтидің зайырлы қоғам заңына қайшы сөздерді айтуға билік ҚМДБ авторитетін, өз жамағаты алдында көтеріп алуы үшін рұқсат еткен сияқты.

Енді мына—«хиджапты шешеміз» дегенді «ішкиімін шешеміз» дегендей қабылдаған «шешеңді сыйлайынға» келейік.

Бұл бір екі күнде Ермұраттан кешірім сұрайды.

Ойды жеткізудің мұндай долылықтан басқа да бірнеше формасы мен, форматы бар.

Бұ бала ең дөрекісін таңдапты.

Қазақ талқылауы тиіс басты мәселе— АЭС мәселесі!

Соқыр тиындық құны жоқ тақырыпқа алаңдамаңдар!

Құдай бар болса, жер бетінде арсыз адамдардан жиналған, озбыр билікті тайраңдатып қоймас еді.

Құдайдың жоғының басты дәлелі — осы, ағайын!

Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

Төменде блогер Мадиярдың депутатқа айтқан сөзінің видеосы.

@telgozin

#Қазақстан🇰🇿#шешеңерахмет

♬ оригинальный звук — Мадияр