“Христиан діні исламмен қатар жүреді” дейді каирлік турист

0
307

Перғауындар елін «мұсылман» деп үйренгенбіз ғой, бірақ, бұл елде исламға біздегідей фанатизм жоқ екен?! Естеріңізде болса, Тәуелсіздік алған жылдары Каир діни университетіне қазақ жастары ағылғанын білеміз.

Қазір де қазақ жастары көп оқиды екен. Соған қарап, «исламды берік ұстататын ел» деп ойлайтынмын. Діни демократияң осында екен?..Жұманамазға түгелдей барғанымен, басқа кезде намазға анау айтты бас қатырмайтынын білгенде, таң қалдым. Біздегідей бес мезгіл оқу дегенмен жұмысы жоқ.

Мен тұратын қонақ үйге тоқтаған өзбекстандық жігіт қасымыздағы мешітке құптан оқуға барыпты: «Имам, азаншы, қарауыл және мен, төртеуміз ғана намаз оқыдық» дейді. Христиан діні исламмен қатар жүреді. Біздің христиандар сияқты мойындарына шармағын (крестін) таққанын көрмеген соң, түсінбеген екенмін.

Шарм-эл-Шейхтің храмына барғанда біліп, қайран қалғанымды жасырмаймын. Қатыны — християн, байы — мұсылман боп өмір сүре береді. Түсінгенім; Дін — жоғары биліктегілердің мансап үшін ойынға айналдырғаны болмаса, қара халыққа бәрі-бір, қарны тоқ, соғыс болмаса болды екенін түсінгенде, «Қазақ секілді Тәңір мен Алланы арпалыстырмай, біржағынан бұлардың ұстанымы да жөн екен-ау?» дедім.

Біздің гид қатын мысырлыққа күйеуге тиген кавказдық әкесі орыс, шешесі әзербайжан екен. Осында қыдырып келіп, қалып қойған. Діні — христиан. «Күйеуім мен ұлдарым мұсылман. Екі діннің де мерекесін тойлаймыз. Мысырда бір үйде бірнеше дін ұстанғандар жиі кездеседі» дейді.

Барар алдын әбден зерттейтін әдетіммен болған оқиға ізімен мысырлық режиссер түсірген «Заговор в Каире» деген фильмді көріп, ойланып қалғанмын. Жеріне келген соң, шындығына көзің жетеді екен. Бір ұнағаны — мысырлықтарыңа дін мәселесі маңызды емес, биліктегілерден басқаны қызықтырмайды.

Ол да болса бір Каирдің өзінде пәлен млн. халық тұратын мекенге жекелеген топтар арасында болмаса, бұқара арасында діни қақтығыс тудырмай, Құдайдың қарасқаны-ау?.. Бір көргеннен бәрін білу мүмкін емес қой. Өзім түрткіленіп білгенімді жаздым. Бізге де «Тәңірші, Исламшы» деп дінге бөлінбей, әркім өзі сенетін Құдайымен өмір сүруді үйрену керек деп ойлаймын.

                                                                               Сая ҚАСЫМБЕК,

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.