Илон Маск өзінен бала туатын әйелдерді жинап жатыр

0
208

Құй сен, құй сенбе.. Маск түрлі әйелдерге барынша көп бала туғызып, жоғары IQ-лі адамдармен Жерді толтырғысы келеді

Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісін тек жазбалар үшін емес, сонымен қатар болашақ балаларының анасы бола алатын әйелдерді іздеу үшін де пайдаланады, деп жазады The Wall Street Journal инсайдерлік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, Маск әртүрлі әйелдерден «легион» — яғни көп бала туғызып, оларға үндемегені үшін ақша төлеуге дайын.

Газет Маск пен америкалық консервативті белсенді Эшли Сент-Клердің хат алмасуын келтіреді. Сент-Клер өзінің Маскке ұл туып бергенін айтады.

Хабарламаларда Маск жүкті Сент-Клерге уақыт жоғалтпай, басқа балаларды да тезірек дүниеге әкелу үшін суррогат аналар жалдауды ұсынған көрінеді.

14 баласы бар Маск пронатализм идеясын ұстанады, яғни адамдар көбірек бала тумаса, адамзат құрып кетеді деп есептейді.

WSJ дереккөздерінің айтуынша, кәсіпкердің жасырын балалары да көп болуы мүмкін. Маск жоғары интеллекті ұрпағымен Жерді қоныстандырып, кейін оларды Марсқа жіберу арқылы «өркениетті құтқаруға» үмітті, дейді газет тілшілері.

Ақпарат Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫНЫҢ парақшасынан.

Фото интернеттен.