Имам трансгендердің үстінен арызданыпты (ВИДЕО)

0
288

Қазақстандық трансгендер, жұртқа «Нико Нет» атымен танымал Наиль Тұрғанов мұсылман мешітінде азан шақырып атын «Ника» деп өзгерткені туралы Democrat.kz ақпараттық порталы жазған болатын. 

Арада бір күн өтпей «Нико Нет» өзіне азан шақырып ат қойған имам хабарласқанын айтады. Имам трансгендердің атын азан шақырып қойғанын кеш түсінген бе, белгісіз бір күн өткен соң «видеоны өшір» деп телефон шалыпты.

«Видеода имам «Нико Нетсіз» ғой? деп өзі танып, сұрағанын бәріңіз көрдіңіздер»деген Наиль Тұрғанов имамның әрекетін түсінбегенін айтады. Имам прокуратураға шағым түсірген. Имам прокурорға «трансгендер мешітте атын азан шақырып ауыстырды» деп шағым түсірді ме, ол жағы белгісіз.

«Нико Нет» те өз кезегінде видеоны прокурорға көрсеткен. «Видеоны көрсеткеннен кейін прокурор қайта хабарласпады» дейді трансгендер.

«Нико Неттің» видеосы төменде.

@_niko_nett

Inst: niko_nett в сторисах всё рассказала. #рекомендации #рекомендация #recommendation #recommendations

♬ оригинальный звук — niko_nett