Имам-уағызшылардың аузын қалай жабуға болады?

0
770

Имам молдалар араптың сахабаларын насихаттай бергенше, қазақтың салтын, жыр-дастанын, ұлы тұлғаларын, тарихын айтпай ма деп жүріп, дегендеріне жетті.

Басында қазақ даласына ислам келгенде таза қалпында ене алмады емес пе. Оған дәлел қазақи исламның пайда болуы. Сол заманда бүркеніп алғандарға шошына қарап, бейтаныс сахабаларды неге айта береді, өзіміздің батырлар жырымыз ше деп наразы болмады деймісің.

Әйтпесе молда имамды келеке еткен , құдайды да ішіне жіберген мақал-мәтел қайдан шықты. Сол кездегі молдалар абырой таппасын түсініп,тактиканы өзгертті.

Нағыз исламды жұмсартып, жергілікті сенімге бейімдеп, енгізді, тіпті, халық арасында абырой-бедел жинады.

Сол тарих қазір де қайталанып жатыр.

90-жылдардан бастап, нағыз ислам еніп жатыр, біздегі ислам түрі өзгерген қазақи ислам екенін ұғып, таза күйінде ұстайтындар көбейді, бірақ қазақилықты жойып жатқанынан шошынып, халықтың едеуір бөлігінің қарсылығына тағы да тап болды, имам молдалар баяғы жылпос тактикаға көшті, енді дінге кетәрі емес, бірақ нағыз исламнан шошынған наразы топты өзіне қарату үшін оларға ұнайтын сөз айтып, ұлы тұлғаларды айтып, жағымды қылық жасап жүр. Әбден абырой жинап алғанда, дінге тарту да оңай.

Діни проблеманың шешімі — ғылыми кітаптарда, оның ішінде биология ғылымында.

Биологияның кітаптарын оқыса, зынданға лақтыратын, отқа жағатын заман емес. Меломанда толып тұр. Сайттарда тіпті арзан, тегін мақалалар да бар. Неге оқымасқа?

Бас қақпаса, мынау «а», ал мынау «б» деп түсіндіретін жеңіл видеолар бар. Ең болмаса, дін мен ғылым қайшы емес деп айту үшін де бірдеңе білу керек қой.

Ең болмаса, молдалардың неге ғылымды уағыздамайтынын, жастарды неге ғылымға тартпайтынын білетін еді, ең болмаса, адамды судан шыққан балықтан таратып тұрған, ағаш пен адам жамағайын дейтін ғылымнан соң ғылым дінге қайшы емес деп лағып отырмас еді.

Айла КЕР, белсенді желі қолданушы.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.