«Имамды жаназаға шақырмаңдар!» деп үндеу жасады діншіл азамат
ТикТок әлеуметтік желісінде Ислам дінінің өкілі Асылбек Әбу-Абдуллаһ жұртқа үндеу жариялады деп жазады Democrat.kz.
«Құранмен емдеу, дем салу, тіл-көз, сиқырды емдеймін» деп әлеуметтік желіден парақша ашқан мұсылман азамат Асылбек Әбу- Абдуллаһ өзіне жазылған көрерменнің пікіріне жауап беріп: «Ендеше, имамдарды жаназаға шақырмаңыздар. Өйткені имамдар ақша алады. Олар белін ауыртып басқа жұмыс істемейді. Сондықтан сіздер имамдарды шақырмай, өздеріңіз жаназа оқуларыңыз керек. Ал егер жаназа оқуды білмесеңіздер, сол үшін имамды шақыртсаңыздар, сыртынан «ақша бердім» деп әңгіме айтпаңыздар», — деген Асылбек «егер имам бәрінің жаназасын тегін оқыса, онда оның бала-шағасын кім бағады?» деп сұрау салды.
Фото видеодан скринделіп алынды.