Имамға алаяқтық бабы бойынша іс қозғалды

Ош қалалық соты Ош қаласының қазысы (қазыят басшысы, муфтияттың аумақтық бөлімшесі) Мирланбек Токтомушевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде бір ай мерзімге үйқамақ түрін таңдады. Ол алаяқтық жасады айыпталып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kaktus.media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің “Қызметтік жағдайды пайдаланып айтарлықтай көлемде алаяқтық жасау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
3 мамырда ҰҚКБ Ош қаласының қазыятының жауапты қызметкерлерінің жүйелі түрде заңсыз әрекеттерін тоқтатқанын хабарлады.
Ведомство дерегінше, қазыят өкілдері мешіттер мен медресе қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған, бұл діни ортада наразылық туғызған. Мемлекеттік институттар сеніміне нұқсан келтірген.
Мешіттер мен медреседе жұмыс істейтін кәсіпкерлердің арыздары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясымен қазыяттың төрт қызметкерінің, оның ішінде Мирланбек Токтомушевтің үйлерінде және жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Тінту нәтижесінде заңсыз ақша жинау фактілеріне дәлелдер табылды.
Іс бойынша қазыят қызметкері М.Ж.М. бар, ол Токтомушевпен бірге бұлтартпау шарасы қолданылғанға дейін уақытша ұстау изоляторында болған. Тергеу амалдары жалғасуда.