Индонезияда жанартау атқылады

0
59

Индонезияның шығысындағы Левотоби Лаки Лаки жанартауының атқылауы салдарынан онға жуық адам қаза тауып, 10 мыңға жуық адам жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Индонезияның төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігінің мәліметінше, Левотоби Лаки-Лаки жанартауының атқылауы түн ортасы басталған.

Жанартау қалың, ыстық күл мен лаваны 2000 метр биіктікке лақтырған. Жанартау қалдықтары алты шақырым аумаққа жайылған.

Билік аймаққа қауіптіліктің ең жоғары деңгейін енгізіп, тау кратерінің айналасындағы жеті шақырым аумақты оқшаулау аймағы деп жариялады.

Левотоби тауындағы Левотоби Лаки Лаки бақылау бекетінің қызметкері Фирман Йосефтің айтуынша, адамдар үрейленіп үйлерін тастап қашып кеткен. Ыстық күл мен лава бірнеше ауылға құлап, үйлер, соның ішінде католиктік шіркеу де өртке оранған.

«Біздің монахтар қараңғыда жанартау күлінің жаңбырының астында үйден жүгіріп шықты», – деді Әулие Габриэль қорының жетекшісі Агус Пальма.

Оның айтуынша, монахтардың бірі қайтыс болып, екіншісі із-түссіз жоғалып кеткенін айтты.

Қазірше онға жуық адамның қаза тапқаны, сондай-ақ жанартауға жақын орналасқан Пулулера, Навокоте, Хокенг Джая, Клатанло, Бору және Бору Кеданг ауылдарында 10 мыңнан астам адамның зардап шеккені белгілі.

Жергілікті билік зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз екенін, зардап шеккендер мен қаза тапқандар қираған немесе өртенген үйлердің қирандыларының астында болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Индонезия Тынық мұхитының “өрт сақинасының” бойында орналасқан мемлекет. Елде 120 белсенді жанартау бар.

Фото интернеттен алынды.