Интимді дүниеңіздің қадірін кетірмеңіз

0
325

Интимді дүние болады:Жаратқанмен байланысың, сүйіктіңмен қарым-қатынасың, айнымас достығың, ата-анаңа құрметің, т.б. “ деп жазады журналист Жанар Шамель өзінің Facebook парақшасында.

Қазіргі кезде дәл осы интимді дүниесін өзгеге де тықпалап, өзгелерден өзі сияқты болуды талап ететін кісі көбейді. Осыған орай журналист өз жазбасында адамға ой салатын пікірімен бөлісті.

“Бүгінде бұлардан қадір кетті. Себебі ешкім сұрамаса да сакральды қарым-қатынасты адамдар бүкіл әлемге өздері айғайлап айтып, ортаға салып талқылайтын деңгейге түскен. Шоу. Өздері көрсетеді, өздері айтады, өздері ренжиді.

Неге?

Адамдар үнемі дәлелдеуді қажет етпейтінді дәлелдеп әлек. Біреу барлық күш-жігерін өзінің сүйікті екенін көрсетуге жұмсайды. Бірақ бар нәрсенің бар екені адамның көзінде тұрады, жоғы да. Ол дәлелдеуді қажет етпейді.

Жаратқанмен байланыс та дәлелдеуді керек етпейді. Ұлы Күш адамға еш мұқтаж емес. Ол жүрегіңдегі ниетке ғана байланысты. Ниеті дұрыс адамның әрекетінен бәрі көрінеді.

Дәлелдеу деген көп жағдайда жоқты бар деу. Бәрі самооценканы көтерудің әуресі. Және ең нашар формасы.

Оны көтеру үшін шынымен солай ету керек. Солай өмір сүрген кезде біреуге бірдеңе дәлелдеуге ықтиярың болмайды. Қажеттілік бірден жоғалады. Бар дүниемен өмір сүру деген бөлек.

Қалай болғанда да адам өзін қорлауды, бұлайша мазақ етуді қою керек” деп жазады Жанар Шамель.

Фото ашық дереккөзден алынды.