Иса пайғамбар жерге қашан түседі?

0
333

Қазіргі кезде жер бетінде ақырзаманның кіші белгілері көрініп жатыр деген имамдар енді жерге Иса пайғамбар жерге түседі дейді. Бұл туралы әлеуметтік желіде түрлі хабарлар тарауда деп хабарлайды Democrat.kz.

Иса — ешбір еркекпен жақындаспаған Мәриямның ұлы. Ол да пайғамбар. Иса пайғамбар ақырзаманның кіші белгілері кезінде түседі екен. Иса пайғамбар келгенде, жер бетіндегі зұлымдықтың барлығына соңғы нүкте қойылады-мыс. Сонымен қатар Иса пайғамбар келгенде адамдар жәннат пен тозаққа кететіндері іріктеліп, өз орындарын табады екен.

ТикТокта жарияланған “Еуразия-1” арнасының осы ақпаратына байланысты азаматтар түрлі пікірін жазуда. “Иса қай ел, қай аудан, қай ауылға келетін болды?”,

“Иса келмей тұра тұрсыншы, енді өмір сүріп бастап едік”, “Христиан дінін қабылдаймыз ба, не боп кетті?”, “са өзі ғана келе ме, әлде жанында молдалар бар ма?”, “Бізге келсе, Исаға штраф салады өкімет”, “ 20 жыл бұрын келеді деп жатыр еді, әлі келмеді ғой”,

“Иса пайғамбар қай жерге түсерін білмей, құрғақ жер іздеп жүрген шығар” дескен жұрт “кім келсе де, дәл қазір оған қарауға мұрша жоқ. Қазақстанның жартысын су алып барады” деген ойларын ортаға салуда.

Фото ашық дереккөзден алынды.